• БАЛДЫРҒАН
  • 12 Наурыз, 2021

Ойлан, тап!

БАҒБАНДАР

Көктем шыға Дияр мен Зара бақшаға көкөніс екті. Көп өтпей көкөністері өсіп, жапырақ жайды. Енді екі дос оларды мұқият баптауға кірісті.
Он литр суға 1 л сүт, бор қышқылы, он тамшы йод қосып бір күн қойып қойды. Ертесі таңертең және кешкі салқында сонымен бақшаны жаңбырлатып суғарды. Көкөніс тамырларына қарашірік сеуіп, түбін қопсытып, топырақ үйді. Мұны «түптеу» дейтін. Түптелген өскіннің мол әрі құнарлы өнім беретінін кітаптан оқыған болатын.     
Айтқандай-ақ, күзде мол өнім жинады. Бір сабақтан 20 кг қияр алды. Қызанақ та солай. Ал бақшада мың түп көкөніс бар болатын. Кәне, балалар, өздерің есептеп шығыңдар, Дияр мен Зара бақшадан қанша өнім алды? Ал 1000 килограмм өнімді 150 теңгеден сатса, қанша пайда табады?

ҚҰРТ, МАЙ САТУШЫ

Кәмиланың анасы он сиыр сауады. Әр сиырдан 8 литр сүт алады. Жазда Кәмила анасына көмектесіп 30 кг құрт, 15 кг май, 150 литр  сүт сатты...
Құрттың 1 килограмы – 1300 теңге.
Майдың 1 килограмы – 1500 теңге.
Сүттің 1 литрі – 180 теңге.
Кәмила жазда қанша ақша тапты?

Гүлмекен Қасенбай

79 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

Редактор блогы

Дүйсен МАҒҰЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы