• БАЛДЫРҒАН
  • 20 Қаңтар, 2021

Бастау

Жасай бер, елім мәңгілік!

Қазақстан, айналайын атыңнан,
Сенде туып, өсіп келем жасымнан.
Саған ғана арнаймын мен өзімді,
Саған ғана арнаймын жыр, асыл ән!

Тәуелсіздік, таңы атуда паң күліп,
Туым көкте желбіреуде сән құрып.
Тәуелсізбіз, еркін елміз әлемде,
Қазақстан, жасай берші мәңгілік!
Арсен ӘЛІБЕКОВ,
№9 мектептің 5-сынып оқушысы.
Павлодар қаласы.

ҚАР – ГҮЛ

Салатұғын жел бүлік,
Долы боран борайтын,
Терезеге телміріп,
Таңертеңнен қарайтын,
Келді, міне, қыс маусым.

Шанамызды сүйретіп,
Аппақ қарға аунайтын,
Ақ құйынын билетіп,
Көктен қар – гүл саулайтын,
Келді, міне, қыс маусым.
Омар ҚАЙРАТБЕК,
№1 мектеп-гимназиясының
4 «А»сынып оқушысы.
Сарқан қаласы,
Алматы облысы.

Қыс келді!

О, алақай, қыс келді,
Қыс келіп, қызық әкелді.
Шаңғымен асып үш белді,
Жүйткіген күттім Әселді.
Самғасы қандай әсерлі.
Нұрасыл АХМЕТСАПАР,
Малайсары мектебінің
5-сынып оқушысы.
Май ауданы,
Павлодар облысы.

442 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы