• БАЛДЫРҒАН
  • 27 Ақпан, 2024

Адамгершілік әліппесі

Серікбай ОСПАНҰЛЫ

Щетка
 

Тіс щеткасын тастады,
Тісі ауырып қақсады.
Деп «Ауруы қинады», –
Әли інісі Әдиге
Тіс щеткасын сыйлады.

 

Ынталы

Әли ағаш бұтады,
Бұтақ іздеп жүр тағы.
Жақсы оқиды сабақты,
Қай іске де ынталы.
«Өмір – күрес»,– дейді атам.
Ынталы адам ұтады.

 

Ізетті

«Мен-мен!» демей, «Біз» десе,
Үлкендерге «Сіз» десе,
Ізетті боп 
Өзі де
Елден ізет іздесе,
Кеуде қағып жүрмесе –
Ізетті, ізгі бұл бала!

 

Эгоист

Ісіне оның таңғаласың,
Ойламайды ата-анасын.

Тек қана «өзім-өзім» дейді,
Басқаларды көзге ілмейді.

Әлі «Өзім!» деп келеді,
«Эгоист» бұл, жаман бала!» –
Деп бәрі оны жек көреді.

 

Ұя

Жазда пана етеді
Салып қыран ұясын.
Қырандардың мекені
Білесің тау қиясын.

Жем тасыса қияға,
Қыран қолы – тұяғы.
Қамқор бол сен ұяға,
Бұза көрме ұяны!

Білдің бе енді «Я»-ны?!
 

 

Қостанай қаласы

5422 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №9

03 Қазан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерғали Бақаш

"Балдырған" журналының бас редакторы