Басшылық

 "Қазақ газеттері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

 444

«Балдырған» журналының бас редакторы Мағлұмов Дүйсен Мүсірәліұлы

Д.Мағлұмов 1986 жылдан бері үзбей балалар басылымдарында әртүрлі лауазымда қызмет атқарып келеді. Еңбек жолын «Ұлан» газетінде корректор болып бастаған ол бас редактордың орынбасары қызметіне дейінгі баспалдақтардан өтті. Мемлекеттік балалар басылымдарының «Жас өркен» серіктестігінің бас директоры қызметін атқарды. «Балдырған» журналының шеф редакторы болып істеді. 2011 жылдан бері бас редактор қызметінде. Балаларға арнап көптеген әңгімелері мен танымдық материалдары жарық көріп келеді. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Ауған соғысы ардагерлері «Ардагер» республикалық кеңесінің басқарма мүшесі. Алматы қаласы Наурызбай аудандық Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы, Наурызбай аудандық ардагерлер кеңесінің президиум мүшесі.

Д.Мағлұмов Ауған жеріндегі көрсеткен ерлігі мен қызметі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, Кеңес Одағы, Ресей Федерациясы, Ауғанстан мемлекеті, Қазақстан Республикасының орден, медальдарымен (барлығы – 17) наградталған.

Ол Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, білім саласы бойынша Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің иесі.