• БАЛДЫРҒАН
  • 27 Наурыз, 2023

Наурыз тойы

Жетті аңсаған жыл басы,
Алтынкүрек есті бір.
Сыңғыр қағып жылғасы,
Бір қызық күн кешті қыр.

Мәнді болсын келер күн,
Деп тілейді бар халық.
Барлығы да өнердің
Жатыр тойға арналып!..

Шабандоздар жүректі
Бәйгеге кеп түсті де,
Балуандар білекті 
Шықты кілем үстіне.

Шырқалды көп асқақ ән,
Шет қалмады би дағы.
Ауыл түгіл,
Астанам 
Елге шаттық сыйлады.

Жұрттың бәрі көрісіп,
Ата салтын бұзбайды.
Наурыз көже көп ішіп,
Қарным менің сыздайды!..

Байбота ҚОШЫМ-НОҒАЙ

Суретін салған Наталья Ященко

139 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы