- Ертегілер
- 29 Желтоқсан, 2018
Жалқау мысық пен ұры тышқандар (ертегі)
Белгілі қазақ жазушысы, ақын Рысты ШОТБАЕВАНЫҢ туғанына 90 жыл
Балалар, ұзақ жыл ұстаздық қызмет атқарған Рысты әжелерің көп балалы ана болатын. Сондықтан да болар ол кісі балалар әдебиетіне белсене араласып, бүлдіршіндерге арнап көптеген өлеңдер, ертегілер, әңгімелер жазды. Өткен ғасырдың 50-жылдарынан Ақмола облыстық және республикалық газеттер мен журналдардың беттерінде әртүрлі жанрдағы туындылары жарық көре бастаған Рысты Шотбаеваның «Ереймен етегінде», «Нұра – бақыт өзені», «Толқынды Нұра», т.б. бірнеше кітабы басылым көрген. Биыл туғанына 90 жыл толып отырған әжелеріңнің бір ертегісін сендердің нназарларыңа ұсынғанды жөн көрдік. Ала мысықтың кiшкентай күнiнен мандайы терлеп еңбек етiп, тамақ тауып iшкен күнi жоқ. Басқа мысықтардай сарайдан тышқан аулау, қожасының ас-суын тышқаннан қорғау деген онда жоқ. Қайта тышқандарға қосылып, ет болса далаға алып кетiп, май болса, қарынды тесiп, сүт-қаймаққа түсiп, әбден тойып алып, пеш үстiне пыр-пыр ұйықтайды. Ала мысықтың ұйқыға кеткенiн бiлiп алған тышқандар қорқынышсыз ән салып, би билейтiн болса керек. Ұры, жалқау ала мысық, Сауған сүттен ұрлап iшiп, Ет пен майға сыздап iшi, Ұйықтап жатыр сұлап түсiп. Шиқ, шиқ, шиқ! Тышқандарды жалқау дейдi. Түк бiлмейтiн аңқау дейдi, Үлкендердi ұры дейдi, Балаларды мылқау дейдi. Шиқ, шиқ, шиқ!иқ, шиқ, шиқ! Тышқандар осылай әндетiп, үй еденiнiң астын думандатып жiберiптi. Мұны мысық естiп, шошып да, тышқандардың мына әндерiн естiсе, қожайыным көзiмдi құртар деп қорқады. Мысық айлаға көшiп: Сендер ойнап қуансын деп, Қарны тойып жұбансын деп, Ешқайсыңа тимеушi едiм, Зұлымдықты сүймеушi едiм. Мияу, мияу! ияу, мияу! Айтқаныма сене қойшы, Маңдайыңнан иiскейiн, Балапандар келе қойшы, Ешқайсыңа тиiспейiн. Мияу, мияу! Бұған тышқандардың кейбiреулерi сенiп те қалады. Бiрақ кәрi тышқандар жағы сақтығын бiлдiрiп: Бiз мысыққа сенбеймiз, Айтқаңыңа көнбеймiз, Өтiрiкшi, ол ұрлықшы, Шақырса да, келмеймiз. Шиқ, шиқ, шиқ, – дейді. Бұған әбден ызаланған мысық едендегi кiшкене саңылауды аңдып жатып алыпты. Мысықтың иiсiн алыстан сезетiн ересек тышқандар саңылауға жоламайды. Жаңа ғана жүгiрiп ойнап жүрген бала тышқан саңылаудан қылтиып шыға бергенде, мысық бас салыпты. Баласының мысықтың қолына түскенiн бiлген ата тышқан: – Мысеке, баламды жiберiңiз. Ертең сiзге сыйлық берiп, барлық бала-шағамды сiздiң үйге жiбергелi отырмын, – дептi. – Рас айтасың ба? Мияу, – дейдi мысық. – Рас айтам, мысеке, шиқ, шиқ, – дейдi тышқан. Мысық: «Сөздерiнде тұрыңдар», – деп, аузын аша бергенде бала тышқан зып берiп тақтайдың жарығына кiрiп кетiптi. Баласын кұтқарған тышқандар: Қараниет ала мысық, Жүрген қаймақ ұрлап iшiп, Ендi бiзден шықпайды ешкiм, Отыр солай тiсiң қышып. Шиқ, шиқ! – деп әнге басады. Мысықтың жалқаулығынан, тышқандардың еркiнсiуiнен мезi болған үй иесi бәрiнiң де көзiн жоғалтыпты. Өйткенi олар ұрлықпен күнiн көрiп жүргендер едi.Суретін салған Ерлан Момбаев
«Балдырған» журналы, №12 Желтоқсан, 2018
1795 рет
көрсетілді2
пікір