• Ертегілер
  • 20 Желтоқсан, 2020

Ержүрек Ерден

(Ертегі)

Ертеде кемпір мен шал болыпты. Олардың Ерден атты жалғыз ұлы бар екен. Әкесі аңға Ерденді ілестіріп алып шығып, батылдыққа, ептілікке үйретіпті.
Күндердің бір күнінде қайдан келгені белгісіз, ауылдың шетінде жеті басты айдаһар пайда болыпты. Ол аз күннің ішінде ауылдың малын жеп бітіріп, адамдарға қауіп төндіре бастайды. Сөйтіп аяқ асты елдің мазасы кетеді. «Бұған қандай амал жасаймыз?» деп жұрт көп ойланады. Ақылдасады. Бірақ, көңілге қонатын ешбір айла таба алмайды.
– Мен сіздерді құтқарамын!– дейді сонда Ерден алға шығып. Бірақ қандай амал ойлап тапқанын айтпайды. Кешікпей ол жолға жиналады.
Шешесі жолға азығын дайындап, әкесі сауыт-сайманын әзірлеп, баталарын беріп, шығарып салады.
Ерден ауылдың шетіне шыққанда алдынан қатты ыстық леп ұрады. Ол айдаһардың аузынан шыққан жалын екен.
Ерден дереу сауыт-сайманын киіп, қару-жарағын қолына алып, айдаһарға қарсы жүреді. Мұны көрген айдаһар «бүгін қарыным әбден бір тоятын болды ғой» деп қомағайлана ұмтылып, Ерденді жұтып жібереді. Ерденнің күткені де сол еді. Ол ішке кіргеннен кейін, найзасын айдаһардың жүрегіне қадап өлтіреді де, қарынын жарып, қайта сыртқа шығады. Сөйтіп, ақылы мен батырлығының арқасында елін аман алып қалады.
Асылан Орахаев,
Тайпақ орта мектебінің оқушысы.
Қарауылтөбе ауылы,
Ақжайық ауданы,
Батыс Қазақстан облысы.

35 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала АЛТЫН САҚА
Келесі мақала ГҮЛДЕР МЕН КӨБЕЛЕКТЕР

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

Редактор блогы

Дүйсен МАҒҰЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы