• Ертегілер
  • 31 Тамыз, 2020

ҚАМҚОР ҚАРЛЫҒАШ

(мысал)

Меңдібай Әбілұлы

Қатты жел тұрып, жасыл алқапқа түрлі-түсті целлофандар жалп-жалп етіп ұшып келе бастады.
– Қорғаныңдар! – деді жасыл алқапта жайқала өсіп тұрған қызғалдақтардың бірі. – Целлофандар келе жатыр.
Целлофандардың бірі ұшып келген бетте шетте өсіп тұрған қызғалдақты қапсыра құшақтай алды. Қызғалдақ целлофанның жіңішке қолдарынан құтылмақ болып әрі-бері бұлқынып көріп еді, дәнеңе шықпады.
– Жіберіңізші, тұншығып бара жатырмын! – деді қызғалдақ екі қолымен целлофанның кеудесінен итеріп.
– Жоқ, жібермеймін! – деді сары целлофан қотыр-қотыр қолдарымен қызғалдақтың белінен қысып.
Қызғалдақ жылай бастады. Оған басқа қызғалдақтар да қосыла жылады.
Қызғалдақтардың жылаған дауысын әуеде ұшып жүрген қарлығаш естіді. Ол дереу тұншығып жатқан қызғалдаққа көмекке ұмтылды. Төмен қарай құлдырай ұшқан қарлығаштұмсығымен целлофанды іліп алып, әуеге қайта көтерілді. Мұны көрген өзге целлофандар қызғалдақтарды тастап жалп-жалп етіп қаша бастады.
– Тиіспеші маған, өтінем! – деді целлофан қарлығашқа жалынып.
– Енді қызғалдақтарға тиісесің бе? – деді қарлығаш.
– Жоқ, тиіспеймін...
Қарлығаш целлофанды алыс шөл далаға апарып тастап, қайта келді.
– Рақмет, рақмет, – деп қызғалдақтар мейірімді қарлығашқа алғыс айтты.

Тараз қаласы

Суретін салған  Наталья Ященко

888 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы