• Ертегілер
  • 28 Қыркүйек, 2018

Тапқыр құмырсқа (Ертегі)

Бастау

Баяғы заманда бір хан өмір сүріпті. Ол үнемі аңға шығады екен. Бір жолы аңға шығатын кезінде «Барлық ұсақ жәндіктер індерінде болсын, әйтпесе, менің аттарым таптап кетеді» деп жарлық шығарыпты. Бұл хабарды естіген жәндіктердің барлығы індерінен шықпайды. Хан аңға шығады. Тау-тасты аралайды. Бір кезде жол бойында топтасып еңбек етіп жүрген құмырсқаларға тап болады. – Топтасып, жолда не істеп жүрсіңдер?– деп сұрайды хан олардан. – Сізді қонақ қылайын деп күтіп жүрміз,– дейді құмырсқалар патшасы. Хан бұл сөзге мысқылдай күледі. – Әй, ақымақтар, менің атыма қалай жем тауып бермексіңдер?– дейді ашуланып. – Ортақ еңбегімізбен бәрін жасаймыз,– дейді құмырсқалар. Сосын құмырсқалар патшасы қарамағындағы «еліне» бір түйір  нан, бір бас сұлы және жоңышқа сабағын әкелуді бұйырады. Құмырсқалар патшаларынның айтқанын бұлжытпай орындап, сұлы, нан, жоңышқа сабағын төбе-төбе етіп үйіп тастайды. Мұны көрген хан таңқалады. Артынан құмырсқа  патшасын бір сүріндірсем деп ойлап: – Сенің неге денеңнен басың үлкен?– дейді. – Ақылымыз мол болғандықтан,– дейді құмырсқалар патшасы. – Ал белің неге сонша жіңішке? – Көп еңбектенетін болғандықтан белімізді буып аламыз,– дейді құмрысқалар патшасы. Хан құмырсқаның тапқырлығына таң қалып, енді не сұрарын білмей тосылып қалады.

Мөлдір АЗИЗБЕК, №10 орта мектептің 3 «А» сынып оқушысы. Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау облысы.

«Балдырған» журнады, №8 Тамыз, 2018

1552 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы