• Ертегілер
  • 30 Қараша, 2017

Аңқаулықтың кесірі (венгр ертегісі)

  Екі қонжық бір кесек ірімшік тауып алыпты. Олар бұл ірімшікті бөлісе алмай дауласып дал болыпты. Қанша сындырса да, ірімшік тең бөлінбеген секілді болып көрінеді. – Маған беріңдер, мен бөліп берейін, – дейді мұны сырт тай бақылап отырған қу түлкі. Сөйтеді де, ол ірімшіктің бір кесегін қолына алып, екіге қақ бөледі. – Біреуі үлкен, біреуі үлкен! – деп айқайласады қонжықтар. Түлкі оларды: – Қазір теңестіремін, балақайлар, – деп тыныштандырады. Ол үлкенірек көрініп тұрған ірімшік кесегінің бір шетін сындырып алып, аузына салып жі береді. Енді ірімшіктің келесі бөлігі үлкен көрінеді. Қонжықтар наразылық білдіріп, тағы да: – Әлі тең емес, – деп шуласа жөнеледі. Түлкі саспайды. Үлкен дегенін тағы сындырып алып қарбытып жібереді. Сындырылған ірімшік кесектерін кезек-кезек жеп отырып түлкі тойып алады. Әу баста шынында да үлкен ірімшіктен тұра-бара кіп-кішкентай кесектер ғана қалады. – Кішкентай болса да тең! – дейді түлкі қарқылдай күліп. – Астарың дәмді болсын! Ол солай дейді де, жорта жөнеледі. Қонжықтар соңынан ауыздарын ашып қарап қалады. Аңқаулықтың әр кезде де осылай кесірі тиеді.

Орыс тілінен аударран Байбота ҚОШЫМ-НОҒАЙ.

«Балдырған» журналы, №10 Қазан, 2017

752 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы