- Жаңылтпаштар
- 29 Маусым, 2023
ЖАҢЫЛТПАШТАР
Қастек БАЯНБАЙ
Алты жасар Ақан ғана
Ауылдағы сақау бала.
Таяқты да таяқ дейді,
Тарақты да таяқ дейді.
Қаймақты да қаймақ дейді,
Қармақты да қармақ дейді.
* * *
Құланнан құнан оза ма,
Құнаннан құлан оза ма?
Құнан да құлан сияқты,
Құлан да құнан сияқты,
Жібермес тұяқ тұяқты.
* * *
Тұлпардан тұлпар озбаса,
Сұңқардан сұңқар озбаса,
Тұлпардан сұңқар озбайды,
Сұңқардан тұлпар озбайды.
* * *
Базардан қауын алдым,
Қауынның дәуін алдым.
Қақ жарып дәнін алдым,
Бір тіліп дәмін алдым.
* * *
Қаймақты айырдым,
Тайлақты қайырдым.
Қаймағым май болды,
Тайлағым мал болды.
* * *
Ағаш кессе аралап,
Алар қолын жаралап.
Әрі салақ, әрі олақ
Бала болған жаман-ақ!
* * *
Кендірден кебек шығар,
Кенептен елек шығар.
Електен кебек шығар,
Кебек те керек шығар.
748 рет
көрсетілді0
пікір