- Жұмбақтар
- 26 Сәуір, 2023
Жұмбақтар

Ағаштан киген тоны бар,
Пышақпен ұшын жонып ал.
Ақ қағаздың бетіне,
Иректеп салған жолы бар.
(Қарындаш)
* * *
Теңіз дерсің,
Толқып жатқан,
Ару дерсің,
Сырға таққан.
(Егінді алқап)
* * *
Арқалаған инесі көп,
Киім тіге білмейді.
Әуре болма ұстаймын деп,
Инесімен түйрейді.
(Кірпі)
* * *
Көктемде –
Түрлі-түске малынған,
Қыста –
Ақ жамылғы жамылған.
(Дала)
* * *
Ай сияқты имек,
Жазда көк шалғынға,
Жаудай тимек.
Қыста – сарайға,
Тастаймыз сүйреп.
(Орақ)
* * *
Бір құс бар қанатын,
Жел тұрса қағатын.
Аттамай бір адым,
Тапжылмай тұратын.
(Жел диірмені)
Құдиярбек АҒЫБАЙ

51 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *