• Балаларға базарлық
  • 28 Қаңтар, 2023

АЛДАМШЫ ҰЙҚАСТАР

Бағдат МӘЖИТОВ

Жылытамын қолымды
Киіп алып ТОНЫМДЫ.

(Тонымды емес, қолғабымды)

* * *
Сырғанаққа барған ем,
Сырғанадым АРБАМЕН.

(Арбамен емес, шанамен)

* * *
Әп-әдемі аққалам
Жасалады МАҚТАДАН.

(Мақтадан емес, қардан)

* * *
Өзендегі өткелде
Мұз қатады КӨКТЕМДЕ.

(Көктемде емес, қыста)

* * *
Таңғаламын аязға,
Сурет салды ҚАҒАЗҒА.

(Қағазға емес, терезеге)

* * *
Мұзайдынға орынды
Ала барған ДОБЫҢДЫ.

(Добыңды емес, конькиді)

Суретін салған Наталья Ященко

277 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы