• Жарайсың
  • 28 Қаңтар, 2023

Бұл спорттың қай түрі?

(Спорттық жұмбақтар)

Шаңғымен де сырғанар,
Мергендік те сыналар,
Бұл спорттың қай түрі
Бесаспаптар шыңдалар?

(Биатлон)

* * *
Құламадан асқардай,
Жүрексінбей, жасқанбай,
Қалықтай кеп қонатын
Ұлы асудан асқандай.
Ақ барыстай мінезі,
Қай спортшы бұл өзі?

(Трамплиннен секіруші)

* * *
Көздің нұрын жаулаған,
Бишіден бір аумаған,
Кім айдынның аққуы ол
Пір тұтатын  бар ғалам?

(Мәнерлеп сырғанаушы)

* * *
Тілдей тақта – «тұлпарым»,
Шығандарға шырқарым.
Жүйрік аттай жүйткітер
Боратып қар бұрқағын.

 (Сноуборд)

* * *
Мұз айдында бес-бестен
Қарсы тұрып шептескен,
Өз орнынан табылар 
Қақпашысы тағы бар,
Бұл спорттың қай түрі
Алаөкпе боп шабылар?   

(Хоккей)

* * *
Қос қамшым бар,
Қос тізгін.
Аппақ шыңдар
Дос біздің.

(Шаңғышы)

Суретін салған Наталья Ященко

139 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы