• Балаларға базарлық
  • 28 Қаңтар, 2023

«Мұзайдын тайғанақ екен...»

Бағдат МӘЖИТОВ

Кішкентай Әйгерім анасымен бірге мұзайдынға барды. Онда балық бейнесіндегі ерекше шаналар бар екен. Анасы Әйгерімді сондай шанаға отырғызды. Содан соң артынан итеріп, конькимен сырғанады. Осылайша олар мұзайдынды бірнеше рет айналды. 
Қайтарда Әйгерім шанадан түспек болып еді, аяғы тайып кетті. 
Анасы:
–Тоқта! Абайла! – дегенше көк мұздың үстінде жамбастай құлап, бақырып жылап жіберді.
Үйге келген соң сағына күтіп отырған әжесі Әйгерімді құшағына алып:
– Балапаным, мұзайдын ұнады ма? Келер жолы мен де барсам бола ма? – деп сұрады.
– Әже, бармаңыз! – деді Әйгерім аптыға жауап қатып. – Құлап қаласыз. Мұзайдын тайғанақ екен.

Суретін салған Наталья Ященко

161 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

31 Тамыз, 2023

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы