• Балаларға базарлық
  • 22 Наурыз, 2022

АТАМНЫҢ НАУРЫЗ БАТАСЫ

Ернұр Сейдахмет

Елден ырыс кетпесін!
Ешкім уайым шекпесін.
Араздасқан ағайын,
Ұмытсын реніш, өкпесін.

Жақсы жолда қалмасын.
Жаман бүлік салмасын.
«Бөрі етектен тартпасын,
Жау жағадан алмасын».

Түгенделсін жоғымыз.
Тойға ұлассын тойымыз.
Оңғарылып ісіміз,
Орындалсын ойымыз.

Көңіліміз шат болсын,
Пейіліміз ақ болсын!
Құтты болып Әз Наурыз,
Әрбір үйге бақ қонсын!
Әумин!

385 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы