• Балаларға базарлық
  • 30 Наурыз, 2022

«БАҚЫТ» ДЕГЕН НЕМЕНЕ?

Сұрақ қойды бір күні,

Әжесіне немере:

– Айтыңызшы білейін,

«Бақыт»  деген немене?

 

Әже біраз ойланып,

Өткен күнін ойға алып.

Немересіне қарап ап,

Сөйледі сөз толғанып:

 

– «Бақыт», балам, бал шағың,

Алаңсыз жүріп ойнайтын.

Сенің болашағыңды,

Үлкендер бар ойлайтын.

 

«Бақыт»  деген – ата-ана,

Сенің балғын жасыңда.

Еркелетіп, ойнатып,

Жүрсе жақсы қасыңда.

 

«Бақыт»  деген қарағым,

Әр еңбектің жемісі.

Қолға түсе бермейтін,

Бейнетіңнің жеңісі.

Еңбек етсең ерінбей,

Мақсатыңа жетесің.

Қатарыңның алды боп,

Көш ілгері кетесің.

 

Адал болсаң әр іске,

Қарамай-ақ жасыңа,

«Бақыт құсы» бір күні,

Келіп қонар басыңа.

 

«Бақыт»  деген – туған жер,

Ұлы Отан, туған ел.

Тыныш болса, бәрі аман,

Тауың, тасың, сай мен бел.

 

Немересі құшақтап,

Мән беріп әр сөзіне.

Беттен сүйіп әженің,

Риза болды өзіне.

Шу қаласы.

 

Дүйсен БЕК.

Суретін салған Ерлан Момбаев

2736 рет

көрсетілді

771

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы