- Мерейтой
- 12 Наурыз, 2021
Белгілі жазушы Ұзақбай Доспанбетов 80 жаста

Балалар, мен 80 жасқа келіп отырған қарт жазушымын. Жазушылықты өзіме өмір бойы серік етіп келемін. «Жылусыз от», «Шың мен шыңырау», «Қызыл жолбарыс», «Абылайдың ақ туы», «Жәлменде би», «Қанды жол» атты романдар жаздым. Повестерім мен әңгімелерім де жетерлік.
Сондай-ақ менің балаларға да арналған көптеген әңгімелерім бар. Олар кезінде «Ұлан» газеті мен «Балдырғанда» жарияланып тұрды. Тіпті «Жақсы ақыл» атты әңгімем үшін «Балдырғанның» бәйгесін де алғанмын. Оншақты жыл бойы журналдың редакциялық алқасының да мүшесі болдым. Осылайша өзім мектеп бітірген жылы шыға бастаған «Балдырғанмен» 63 жылдан бері доспын.
Сендерге айтарым, айналайындар, «Балдырғанды» оқыңдар! Журнал сендердің ой-өрістеріңнің өсіп, тіл байлықтарыңның артуына, зерделі, зейінді болуларыңа көп көмектеседі.
Ұзақбай аталарың

838 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *