• Балаларға базарлық
  • 20 Қаңтар, 2021

«Қыс кетіп қалады»

Бір кезде әкесі қолына күрек алып, ауланың қарын күрей бастады. Әкесінің бұл ісін құптамаған Нұрила:
– Әкешім, қарды неге күреп жатырсыз? – деді.
– Аула таза тұру үшін, – деді әкесі жұмысын тоқтатпастан.
– Аула онсыз да тап-таза ғой, әке. Бәрі аппақ, – деді Нұрила жан-жағына қарап.
– Ертең тағы қар жауса жүретін жол қалмайды, қызым, – деді әкесі қызына күлімсірей қарап.
– Әке, қарға тиіспеші. Мен қысты көп күттім ғой!
– Солай ма, жаным?
– Иә, менің туған күнім де қыста ғой, әке. Сондықтан мен қысты асыға күтем.
– Иә, иә, солай екен ғой. Менің есімнен шығып кетіпті, ақылды қызым менің, – деді әкесі ауланы басына көтере дабырлай сөйлеп.
– Олай болса, қарды күремеңізші! Қыс кетіп қалады ғой. Сонан соң менің туған күнім болмай қалады.
– Ой, алтыным сол. Онда тек жүретін жол салып қояйын, қыс кетіп қалып жүрер.
– Алақай! Қыс кетпейтін болды. Әкешім, рақмет сізге!  
Жандарбек Қарабасов  Алматы қаласы.

519 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы