- Балаларға базарлық
- 23 Қыркүйек, 2020
Нешеу
Әнін жазған Әшірхан ТЕЛҒОЗИЕВ
Өлеңін жазған Байбота ҚОШЫМ-НОҒАЙ
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Алақанды ашамыз,
Бесті беске қосамыз.
Қайырмасы:
Кел, санайық ал мұны,
Нешеу болды барлығы,
Нешеу болды барлығы?
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Жасырып ем бесеуін,
Қалды мұнда нешеуі?
Қайырмасы:
Бесеу екеуден қалғаны
Нешеу еді ал бәрі,
Нешеу еді ал бәрі?
569 рет
көрсетілді0
пікір