• Балаларға базарлық
  • 23 Қыркүйек, 2020

Балалар шығармашылығы

Анашым

Анашым, менің анашым,
Мәпелеп мені бағасың.
Құлыным деп сен аймалап,
Құшаққа ыстық аласың!
 
Мен сені қатты сүйемін,
Сен үшін отқа күйемін.
Өзіңді әркез ардақтап,
Басымды саған иемін!
 
Анашым, сені мақтаймын,
Ақылды айтқан сақтаймын!
Ұлым деп мені өсірдің,
Үмітіңді артқан ақтаймын!

 

Поэзия

Ыстық маған өлеңім,
Жыр үшін тер төгемін.
Өлең керек халыққа,
Соған көңіл бөлемін.
 
Жырымды елге арнаймын,
Ата жолын жалғаймын.
Қиындықтан кездескен
Ешқашанда талмаймын!
 
Баласымын елімнің,
Иесімін жерімнің.
Үдесінен шығамын
Ел-жұрт артқан сенімнің!

 

Көктем

Алақай-ау, келді, міне, көктемім,
Жарқырайды нұрын шашып көкте Күн.
Кең даламыз гүлге тұнып жайнайды,
Ал бақтарда сандуғаштар сайрайды.

 

Жаз

Жаз жадырап демалысқа шығамыз,
Асыр салып жалықпаймыз, сірә, біз.
Достарменен алақайлап ойнаймыз,
Ойнауға да ешқашанда тоймаймыз.

Жаз өтеді, күз келеді бар маңға,
Жапырақтар жерге сурет салғанда.
Жеткен кезде қазан менен қараша,
Терезеден қарасаңыз, тамаша!

 

Қыс

Қар түсті деп қуанады балалар,
Таудан төмен зуылдайды шаналар.
Мәз боламыз Жаңа жылды қарсы алып,
Әнімізге ата-анамыз тамсанып.

Әлижан ТҰРҒАЛИ
№ 21 орта мектептің
3 «Ә» сынып оқушысы
Орал қаласы

 

456 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы