- Балаларға базарлық
- 20 Желтоқсан, 2020
Жаңа жыл қарсаңында

Безендірдік аулада
Өсіп тұрған шыршаны.
Әсемдеуге бар бала
Бар өнерін жұмсады.
Жасап келді бірі піл,
Бірі – барыс, арыстан.
Бірі – қораз, бірі – құр,
Бірі – бүркіт, сауысқан.
«Қырау» да бар,
«Қар» да бар,
Іліп жаттық тырмысып.
Төбемізде сол «қарлар»
Әрі-бері жүрді ұшып.
Шыршамыз тұр жасарып,
Ойыншықтар тізіліп.
Көз алмай біз,
Тамсанып,
Қарап тұрмыз қызығып.
Сұлтан ҚАЛИҰЛЫ

46 рет
көрсетілді0
пікір
Алдыңғы мақала
ТАНЫСАЙЫҚ ТӨЛДЕРМЕН
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *