• Жарайсың
  • 20 Желтоқсан, 2020

Ақылды қыз Айкерім

Айкерім Ахметқазы – Алматы қалаcындағы А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназияның 5 «Г» сынып оқушысы. Оқу озаты. Сынып старостасы. Жуырда ғана математика пәнінен өткен республикалық қашықтық олимпиадаға, «Прыгай выше головы» атты қалалық онлайн-турнирге қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Айкерім өнерге де жақын. Кішкентайынан би үйірмесіне қатысады. Сонымен қатар, сурет салғанды ұнатады. Арманы – дизайнер болу.
Міне, осындай зерек те зейінді, ақылды да алғыр Айкерімді достары мен сынып жетекшісі Айсұлу Булатова апайы мақтан тұтады.
Бекен ДАТҰЛЫ
Алматы қаласы.

209 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы