• Жарайсың
  • 31 Тамыз, 2020

ЖАЙЛАУДА

Батырбектің жайлауды
Көргені осы құлпырған.
Қызықтайды сайларды,
Қызыл-жасыл гүл тұнған.

Бәрі қызық балаға,
Дем алмайды бір уақ.
Жүр еді ойнап далада,
Бүгін де ерте тұрып ап.

– Көке, көке, шықшы тез,
Қойды тістеп жатыр, – деп,
Аяқ асты түскі кез,
Безектеді Батырбек.

Тістеп жатыр дегесін,
Білейін деп «о не екен»,
Тысқа шықсам, енесін
Еміп жатқан қозы екен.

Суретін салған Наталья Ященко

415 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы