• Әңгіме
  • 31 Тамыз, 2020

АРМАН

Серік НҰҒЫМАН

– Әке, сіз білесіз бе, менің бір арманым бар.
– Иә, балам, ол қандай арман?
– Бір роботым болса деймін.
– Оны не істейсің?
– Үй тапсырмасын істетейін деп едім.
– Өзің ше?
– Өзім істегім келмейді.
– Неге?
– Көп қой, әке. Апай бере береді, бере береді... жалығып кеттім.
– Түсіндім. Бірақ, сен мынаны білесің бе?
– Нені, әке?
– Роботты кімдердің жасайтынын?
– Білем.Оны үлкен ағалар, ғалымдар жасайды.
– Дұрыс. Қайтіп жасайтынын білесің ғой?
– Иә. Білем. «Мен және менің роботым» деген мультиктен көргем. Олардың бәрі бір жерге жиналып, бірге жасайды.
– Дұрыс. Олар қайдан келеді?
– Олар алдымен өздерінің мектептерінде робот жасаған.
– Дұрыс. Олардың мектептерінде робот жасайтын жер бар ма?
– Иә. Бар. Оларға мектепте робот жасауды үйретеді.
– Содан?..
– Олар үйреніп алып, артынан робот жасайды.
– Дұрыс. Содан кейін не істейді?
– Содан кейін бір жерге жиналады.
– Қалай жиналады?
– Роботты жақсы жасаған балаларды ағайлар таңдап, бәрін бір мектепке жинайды.
– Дұрыс. Содан кейін ол балалар не істейді?
– Ағайлар оларды оқытып, робот жасауды үйретеді. Артынан робот жасатады.
– Ол роботтарды не істейді?
– Түрлі жұмыстар істетеді. Өздеріне көмекші қылып алады. Жұмыстың бәрін солар істейді. Рахат. Менің де бір роботым болса ғой. Үй тапсырмасын істетіп қойып, өзім ойнайтын едім.
– Сенің роботың болады.
– Қалай, әке? Сатып алып бересіз бе?
– Жоқ. Робот сатылмайды.
– Онда менің қалай роботым болады?
– Өзің жасағанда ғана өзіңде робот болады.
– Оны мен қалай жасаймын, әке?
– Жаңа өзің айтың ғой, оны балалар ағайлардан үйреніп, жасайды деп. Енді біраз жылдан соң сендерге де мектепте робот жасауды үйретеді. Сонда жақсы жасасаң, сені де арнаулы робот жасайтын мектепке қабылдайды. Сосын онда ағайлардың көмегімен неше түрлі робот жасайсыңдар. Сол кезде сен өзіңе көмекші болатын робот жасап аласың. Болды.
– Рас па, әке?
– Рас. Бірақ, ол үшін сен алдымен сабағыңды жақсы оқуың керек. Себебі, жақсы оқымаған бала жақсы робот жасай алмайды. Білдің ғой?
– Білдім, әке. Мен енді жақсы оқимын. Кейін ақылды, күшті робот жасаймын.

Суретін салған Ерлан Момбаев

343 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы