• Жарайсың
  • 31 Тамыз, 2020

Белгілі балалар жазушысы, ғалым Бекен Ыбырайым 70 жаста

Бекен Ыбырайым

Бала кезімде Баянды әжемнің ертегілерін тыңдап жатып, ұйық­тап кететінмін. Адуынды әжем­нің ақындығы да бар еді. Ол кез­де ауылдағы кемпір-шалдар жиі жиналатын. Менің әжем өзі­нің немерелері біздер мен біз­дер қатарлас балаларды жұм­бақ, жа­ңылтпаш айтудан жа­рыс­­тыра­тын. Кімнің немересі жаңыл­май ай­тып шықса, соның ата-әже­сінің мерейі үстем. Ол кезде қант-кәмпит тапшы. Жеңгендерге берілетін сыйлық құрт болатын. Сол дәстүрді бүгінде мен жалғас­ты­рып жүрмін. Мен де өз бала­ла­рыма, немерелеріме ертек ай­та­мын. Шаршасам, тыңдап отырған немерем Ардагер ары қарай жалғастырып жібереді. Екеуміз бірлесіп «Аспандағы сая­хат» атты ертегі-хикаят жазып шық­­тық.Ол былтыр «Алтын қалам» конкурсының балаларға арналған «Дарабоз» номинациясы бойынша бас жүлде алды...
Екінші сыныпта табысқан «Балдырған» журналымен дос­тығы­мыз әлі үзілген жоқ. Балалар жазушысы ретінде көп жылдан бері журналдың авторымын. Ғалым ретінде де қазақ балалар әдебиетін біраз зерттедім. Сонау бала кезімнен бері «Ақыл­ды, әрі күшті болғың келсе, оқы!» деген данышпандардың кеңе­сін есімнен еш шығарған емеспін. Сендердің де осы сөз­ді естеріңде ұстап, ешқашан ұмытпайтындарыңа сенемін. Бақы­тты болыңдар, балаларым!

Игі тілекпен, Бекен аталарың

443 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы