- БАЛДЫРҒАН
- 30 Қыркүйек, 2025
Түркістан
Серік ҚАЛИЕВ
Яссауидей данамның
Ғибраты қалған жер.
Текті туған бабамның
Кіндік қаны тамған жер.
Ұлы Жібек жолында
Сәулеті асқан басқадан.
Есім ханның қолында
Айбар болған Астанам.
Арайланған таң күліп,
Атқан жері – Түркістан.
Хан-сұлтандар мәңгілік
Жатқан жері – Түркістан.
Азат таңда түледі,
Мақтанышы Түркінің.
Қабыл болған тілегі,
Ақ жүректі жұртымның.
Қастерлеген Алашым,
Төрт қақпалы Түркістан.
Жалғар дәуір арасын,
Ұлт мақтаны – Түркістан.
Өркениет бастауы,
Тайқазаным – берекем,
Елдігімнің дастаны,
Тарқамасын мерекең.
Ұлылардың бар ізі,
Шежірелі даласы.
Гауһар тәжі тәрізді,
Қалалардың дарасы.
4783 рет
көрсетілді0
пікір