• БАЛДЫРҒАН
  • 01 Тамыз, 2025

Біздің ауыл

Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ

ЖАЙЛАУ

Сылдыр-сылдыр ағатын,
Жайлау жақта бұлақ бар.
Сыбдыр-сыбдыр қағатын,
Желкілдеген құрақ бар.

Біз барамыз жайлауға,
Асыр салып ойнауға.
Құс барады жайлауға,
Құйқылжытып сайрауға.

 

ЛАҚ

Керегені сүзуге
Үйретіп ем лақты,
Жүгіріп кеп, өзімді
Сүзіп қалып жылатты.

 

ҚҰЛЫН

 

Құрау, құрау,
Құлыным,
Құрығыма түсе ғой.
Тазасын жеп сұлының
Мөлдір судан іше ғой.

Сен боларсың қазанат,
Мен болармын азамат.
Құрау, құрау,
Құлыным,
Желбіресін тұлымың.

 

БҰЗАУ

Бүгін неге апамның
Ашылмады қабағы?
Бүгін неге атамның
Ішілмеді тамағы?
Бүгін неге Қапанның
Оқылмады сабағы?

Сүтсіз қапты қара шай,
Кім десеңдер айыпты?
Бұл қырсықты қарашы-әй, –
Бұзау еміп қойыпты!..
 

 

 

4407 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН

01 Тамыз, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерғали Бақаш

"Балдырған" журналының бас редакторы