- БАЛДЫРҒАН
- 30 Қаңтар, 2025
Оқымысты бала

Ормандағы үлкен аңның бірі – аю, ол жаз семіріп алып, жылы үйшігіне кіріп бекініп жатып, ұзақ ораза ұстаған кісідей ұйықтап жатыр. Өзіне лайық жып-жылы іні бар түлкі қуда тіпті қайғы жоқ. Көртышқандар да астығы мол үйлерді сағалап, неше бөлме ін қазып алып, уайымды ұмытқан.
Ақылы жоқ, бадырақ көз корқақ қоянға шейін ақ тоншасын киіп алып, бұтақ кеміріп, шаттықта жүр. Жалғыз-ақ сорлы қасқырдың басына қыс күні бар бәле орнаған, мұның бір ғана үміті – бекітусіз қора, күзетсіз жылқы.
Бір бала қалада оқып, жазғытұрым ауылына келді.
Әкесі:
– Балам, енді шөп шабатын мезгіл жақындады, қолыңа тырнауыш ал, мен шапқан шөпті жинап, жәрдеміңді тигіз, – деді.
Баланың жұмыс қылғысы келмей:
– Мен әртүрлі ғылымдар оқып қайттым, кара казақтың сөздерін ұмыттым, «тырнауыш» деген не нәрсе? – деді.
Осы сөзді айтқаны-ақ сол еді, тысқа шықса, жатқан тырнауыштың басын байқамай аяғымен басып қалып еді, сабы тақ етіп мандайына тиді. Сонда ғана тырнауыштың не нәрсе екендігі есіне түсіп, маңдайын сипалап тұрып:
– Тырнауышты аяқ астына тастаған қандай ақымақ екен? – деп ашуланды.

11528 рет
көрсетілді0
пікір