• БАЛДЫРҒАН
  • 30 Қаңтар, 2025

Әлия туралы жыр

Қуандық ШАҢҒЫТБАЕВ

Қош айтып оқу, ойынға,
Әжесін тастап қария,
Қол бұлғап туған Ойылға,
Майданға кетті Әлия.

Өлімге басын байлаған
Он жеті жасар жас бала
Қырғынға кірді қайнаған,
Тар окоп болды баспана.

Қатер мен қауіп қысқанда,
Жасыған емес қиыннан.
Жасын боп тиді дұшпанға,
Қыран боп шүйді қиырдан.
Он сегіз жасар жас батыр
Оқ тиіп, кенет құлады.
Тартылып Ойыл тап-тақыр,
Ауылда әже жылады.

Аңыз боп бірақ келеді,
Батырдың айдын атағы.
Аялап Ойыл – өз елі,
Сүйеді оны Отаны.
 

11570 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №1

30 Қаңтар, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерғали Бақаш

"Балдырған" журналының бас редакторы