• БАЛДЫРҒАН
  • 29 Қараша, 2024

ТӘУЕЛСІЗДІК

Ербол БЕЙІЛХАН

Тәуелсіздік – қасиетті, киелі,
Қадірлей біл, сүй оны.
Татулығы, ынтымағы жарасқан,
Қазақстан  – Азияның жүрегі.
 
Егемендік – аңсаған ел арманы,
Ел ол үшін қандай құрбан шалмады?!
Көсегесі көгерді де елімнің,
Көк тудағы қырандайын самғады.
 
Ей, жасұлан, енді сенде жалында,
Бөгет болса, жарып өт тек жолыңда.
«Тәуелсіздік – киелі» деп біз айттық,
Киеліні сақтау сенің қолыңда!
 

680 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №9

03 Қазан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерғали Бақаш

"Балдырған" журналының бас редакторы