- БАЛДЫРҒАН
- 30 Қаңтар, 2024
ҚАҢТАР

Байбота ҚОШЫМ-НОҒАЙ
Селеудей боп сақалы,
Қатты өзінің қаһары
Шал келеді ашулы
Қарсы алайық атаны!..
Бізді көріп мұншама,
Кәрін төгіп тұрса да,
Ақ сақалды атамыз
Ілді ойыншық шыршаға.
– Танымадық!.. – деп едік,
Қаһарлы шал бөгеліп,
– ҚАҢТАР деген мен болам! –
Деді ерні көгеріп...

3828 рет
көрсетілді0
пікір