• БАЛДЫРҒАН
  • 30 Қаңтар, 2024

Есеп өлеңдер

Ержеңіс ӘБДІ 

ЛАҚ ҚАНША, ШӨЖЕ ҚАНША?

Сап-сарым менен әппағым –
Отыз төрт аяқ, он бір бас.
Қанша екен шөже, лақтарым?
Көрейік тауып, кел құрдас!       
 

(6 лақ, 5 шөже)

15 ҚАНША КЕЗДЕСЕДІ?

Логиканың келмес сәні,
Болмаса егер сөзді есебі.
Мыңға дейін он бес саны
Неше мәрте кездеседі? 

(Жиырма рет)

ҚАНША БҰРЫШ БАР?

Мен үшбұрыш салдым, 
Сен бесбұрыш салдың,
Шеңбер салды Марат,
Ромб салды Қанат.
Тіктөртбұрыш пенен
Айбек салды шаршы,
Бәрі қанша бұрыш?
Соны есептеп алшы!

(Жиырма бұрыш) 

ҚАНША СӨЗ БАР?

Балмұздақта тым тәтті,
Қанша сөз бар, кім тапты?

(Бір сөз)

1215 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №1

30 Қаңтар, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы