- БАЛДЫРҒАН
- 26 Сәуір, 2023
Не жүйрік, не ұшқыр?

Дельфин
Салып зейін, ақылың,
Зерттеп көрсең, батырым,
Теңіздегі рекорд –
Сағаты жүз шақырым.
Иесі оның дельфиндер,
«Құтқарушы» дейтіндер.
Су астында жүйткіген
Сүңгуірдей кейпін көр.
Ұқсамайтын жыртқышқа,
Жем де болмас «ит-құсқа»,
Сүйкімді бұл саңлақты
Зейініңде мықты ұста.
Гепард
Сағатына жүз жиырма
Шақырымды алатын,
Гепард аң бар түз, қырда
Жарыс десе жанатын.
Екпінімен қыранның
Тап бергенін құтқармас,
Оны көрсе, бар аңның
Өн бойында құт қалмас.
Үзер алғаш кермені
Күлігіндей хандардың.
Жүйрігі бұл жердегі
Төрт аяқты аңдардың.
Арасанбай ЕСТЕН

55 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *