• Мерейтой
  • 22 Ақпан, 2023

Белгілі балалар ақыны Күнтөре Байзақовтың туғанына 100 жыл

Сендер Күнтөре Байзақов аталарыңның тағдыры қаншалықты ауыр болғанын білесіңдер ме? Ол он жасынан бастап Алматы қаласындағы балалар үйінде тәрбиеленіп, осындағы №12 қазақ орта мектебінде оқыған. Кейінірек балалар басылымы «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде қызмет атқарып жүрген шағында Ұлы Отан соғысы басталып кетеді де, ол соғысқа Күнтөре аталарың бастан-аяқ қатысқан. Сөйте тұра соғыстан соң 1948–1954 жылдары жазықсыз жаланың, саяси репрес­сияның құрбаны болды. Ақиқат үстемдік құрған соң артынан ақталып шықты. 
Тағдырының мұншама ауыр болғанына қарамастан ақын Күнтөре Байзақов өскелең ұрпақты ерекше жақсы көретін. Оның балаларға арнап жазған көптеген өлеңдері уақытында оқулықтарға еніп, жас оқырмандардың аузында жүрді. Ақынның 100 жылдық мерейтойына орай оның бір топ өлеңін назарларыңа ұсынып отырмыз. Кәнеки, оқып көрелік! 

Күнтөре БАЙЗАҚОВ

ӘДЕП

Сыйлап сәлем беремін, 
Көршілерді көргенде.
Ізетті де білемін,
Үйге қонақ келгенде.

Әдепсіз деп сөкпесін,
Апама айтып өкпесін.

ШЫНЫҚПАСАМ БОЛМАЙДЫ

Ерте тұрып жүгірем,
Шынықтырып денемді.
Мақтау сөзді інімнен
Күнде естимін мен енді.

Абайсызда турниктен
Оңбай бірде құладым.
Тұрсам дағы ырғып мен,
Шыңылдады құлағым.

Сонда інім аяды:
– Құлап түскен жаман, ә?
Сыздаса да аяғым,
Сездірмедім анама.

Ауырттым-ау, әттеген,
Желке, арқа, жамбасты...
Бұдан да көп, қап, бәлем,
Шынықпасам болмас-ты!

 

БІЗДІҢ АУЫЛ

Әуелетіп күнбе-күн
Ағаларым үй салды.
Ақ шағала үйлердің
Төбелерін күн шалды.

Тұрған әсем үйлерді
Халық мақтан етеді.
Келген қонақ әр жерден
Тамашалап кетеді.

 

Суретін салған Наталья Ященко

 

286 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы