- Жұмбақтар
- 22 Ақпан, 2023
ЖҰМБАҚТАР

Тұрысбек ЕДІЛБАЙ
Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді.
(Ауа)
* * *
Өзінде жан жоқ,
Бойында қан жоқ.
Айтқанды ұғады,
Көңілден шығады.
(Робот)
* * *
Төрт бұрышты, қатты,
Дәмін татсаң тәтті.
(Қант)
* * *
Төрт саусақты, сүйір,
Шөпке сондай үйір.
(Айыр)
* * *
Денесі жоқ, иығы бар.
Бірақ өзі киімқұмар.
(Киім ілгіш)
* * *
Көзбен оқисың,
Көңіліңе тоқисың.
(Кітап)
* * *
Найзасымен піседі,
Піскен жері іседі.
(Ара)
* * *
Күнмен бірге көшеді,
Бұлтты көрсе өшеді.
(Көлеңке)
ӘЛІПБИЛІК ЖҰМБАҚТАР
Тоқта бар,
Газда жоқ,
Жоқта бар,
Отта жоқ
(Қ)
* * *
Өрде бар,
Еңісте жоқ.
Дөңде бар,
Тегісте жоқ.
(Д)
* * *
Шөлде бар,
Құмда жоқ.
Көлде бар,
Суда жоқ.
(Ө)
* * *
Барыста бар,
Маралда жоқ.
Алыста бар,
Аралда жоқ.
(С)
* * *
Қойда бар,
Лақта жоқ.
Тойда бар,
Атта жоқ.
(И)
* * *
Көкте бар,
Жерде жоқ.
Көлде бар,
Селде жоқ.
(Ө)
* * *
Қарда жоқ,
Мұзда бар.
Жарда жоқ,
Тұзда бар.
(З)

150 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *