- Балаларға базарлық
- 28 Қаңтар, 2023
АУЛАДАҒЫ АҚҚАЛА

Бағдат МӘЖИТОВ
Жаңа жыл қарсаңыңда қар екі күн толассыз жауды. Бес жасар Аян тұратын көпқабатты үйдің ауласы ақ мамыққа оранды. Қалың қардың бір пайдасы – үлкендер қарды үйіп, аққала жасады. Басына шелек киген, сәбіз мұрын аққала балаларға қатты ұнады. Аян мен достары аулада күні бойы жүріп, аққаланы қызықтаумен болды.
Аян кешкісін де терезеге жиі барып, аққалаға қарай берді. Арасында атасына жүгіріп барып:
– Ата, аққаланы біреу алып кетпей ме? – деп сұрап қояды.
– Алмайды. Біздің аққала «батыр» ғой. Түнде ауланы күзетіп тұрады, – деді атасы күліп.
Түнде қар тағы жауды. Бұл жолы ақ ұлпа тіпті қалың түссе керек, аулаға қар күрейтін үлкен мәшине келді. Ұйқысынан оянған Аян оның гүрілдеген даусын естіп, терезеге жүгірді. Ауланы айнала жүріп, қарды күреп жатқан көлікті көрген бойда:
– Ата, ата! Тез келіңіз! Бір кісілер қардың бәрін алып жатыр. Біздің аққаламызды ұрлап кетпесін, – деп айғайлап жіберді.
Суретін салған Наталья Ященко

158 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *