• Жарайсың
  • 28 Қаңтар, 2023

ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН

Қарасы бар әкемде,
Жаңасы бар тәтемде.
Аппағы бар анамда,
Екеуі бар көкемде.

Қақпақтарын ашады,
Нүктелерін басады.
Ар жақтағы адамды,
Байланысқа қосады.

Сан алуан пішінде.
Ойындар бар ішінде.
Болады тіпті онымен,
Суретке де түсуге.

Интернетті біледі,
Желіге де кіреді.
Кез-келгеннің қолында,
Бір телефон жүреді.

Пайдасы көп не деген,
Мен де алып көрер ме ем?
Суретке де түсіріп,
Нөмірлерді терер ем.

«Телефонның ұялы, 
Көп, – дейді, анам, – зияны».
Маған оны сондықтан,
Ұстатпайды, тыяды.

Суретін салған Ерлан Момбаев

137 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №9

03 Қазан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерғали Бақаш

"Балдырған" журналының бас редакторы