- БАЛДЫРҒАН
- 30 Желтоқсан, 2022
ТҰЛҒА БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ

Болат ҮСЕНБАЕВ
«Бестік» алып мектептен
Күліп келгім келеді.
Туған елін көктеткен
Үміт болғым келеді.
Әлпештейтін сүйікті ел
Ұлан болғым келеді.
Шарықтаған биікке
Қыран болғым келеді.
Тау суындай мөлдіреп,
Тұнық болғым келеді.
Елін сүйген елжіреп
Жігіт болғым келеді.
Жаны ашитын ұлтына
Ірі ұл болғым келеді.
Тірек болар жұртына
Тұғыр болғым келеді.
Мен сияқты өрендер –
Елдің ертең сенері.
Бабалардай кемеңгер
Тұлға болғым келеді.
Суретін салған Наталья Ященко

21 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *