- БАЛДЫРҒАН
- 30 Желтоқсан, 2022
Өлеңдер топтамасы

Серікбол ХАСАН
КҮЗ
Қоңыр, қызыл, сары,
Айналаның бәрі.
Жеміс-жидек пісіп,
Жиналатын шағы.
Күнде нөсер құйып,
Жұрт жылысын киіп.
Қамданып жүр қысқа,
Қажеттісін жиып.
Таң да, су да суық,
Қырларда жел ұлып.
Қарайлап тұр күзге,
Қыс қабағын түріп.
СКАТ
Скат тұнған электр,
Су астында бұғады.
Табылса егер себеп бір,
Сарт еткізіп ұрады.
ТЕҢІЗ ЖҰЛДЫЗЫ
Көрген жанды баурайды,
Шын жұлдыздан аумайды.
Теңіздің бұл жұлдызы,
Сәуле шашып жанбайды.
АКУЛА
Азулы өткір тісті,
Теңіздегі күшті.
Аямайды ол тағы,
Бәрі одан қорқады.
ТАКСИ
Көлік түрі ол дағы,
Құстай ұшып барады.
Қол көтерсең болғаны,
Дереу тоқтай қалады.
ЭВАКУАТОР
Қызметі ауыр бұрыннан,
Дейсіңдер ме не етеді?
Көліктерді бұзылған,
Тиеп алып кетеді.
ВЕЛОСИПЕД
Ұқсайды өзі арбаға,
Жүреді артқа, алға да.
Велосипед тебуге,
Құмартады бар бала.
ПОЛИЦИЯ КӨЛІГІ
Белінде көк жолағы,
Жол тәртібі – талабы.
Жағдай болса қауіпті,
Дереу жетіп барады.
ЭКСКОВАТОР
Бұла күш бар өзінде,
Тау да, тас та бұзады.
Құрылыстың кезінде,
Жұмысы оның қызады.
Астана қаласы.
Суретін салған Наталья Ященко

37 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *