• БАЛДЫРҒАН
  • 30 Желтоқсан, 2022

МЕНІҢ МЕКТЕБІМ

Әлі есімде, 2019 жылы мектеп табал­ды­рығын алғаш рет аттадым. Содан бері осы білім ордасын «менің мектебім» деп мақтанышпен айтамын.

Мектебіміз екі қабатты. Алпыс жылдық тарихы бар ғимарат. Біздің ата-анамыз, аға-апаларымыз осында білім алған. Түлектер арасында елге танымал тұлға­лар да бар. Олардың суреттері дәліздегі «Мектеп мақтаныштары» деген тақтаға ілінген.

Ұстаздарымыз бізге:

– Жақсы оқыңдар! Білімді болсаңдар, биіктерге шығасыңдар, – дегенді жиі айтады.

Заңғар биіктерге самғауды біз де армандаймыз. Алтын ұя – мектебіміздің мақтанышы болғымыз келеді.

Таңнұр САЯСАТ,

Сарытоғай жалпы орта білім беретін мектебінің 3-сынып оқушысы.

Ақжайық ауданы,

Батыс Қазақстан облысы.

96 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы