- Жаңылтпаштар
- 20 Қараша, 2022
ЖАҢЫЛТПАШТАР

Серікбай ОСПАНҰЛЫ
Ойлап-ойлап бас қатты,
Мініп кетті-ау басқа атты.
Шабан ат қой жаман ат,
Қырдан әлі аспапты.
* * *
Мініп атқа қара қасқа
Атам бүгін барады асқа.
Атаңды сен қарсы алғайсың
Жоқ қой үйде бала басқа.
* * *
Уақытты жол алар,
Сонда да тез оралар.
Асықпаса ол тағы да,
Үйге бір күн қона алар?
* * *
Қайнағанда ән салатын
Секілді біздің құман.
Далада қатты жел тұрғанда,
Салады екен құм ән.
* * *
Айгүл алдына айна алып,
Қарап отыр ойланып.
Гүлнар оның жанында
Жүгіріп жүр айналып.
* * *
Қонып таңнан атына атам,
Жинап елден алты бақан,
Құрып берді алтыбақан.
Рақмет, алтын ата,
Жем берейін атыңа, ата!
* * *
Төбесіне қораның
Шығып кетті жеті ешкі.
Ал қораның төбесі
Әбден тозған, өте ескі,
Болғаннан соң өте ескі,
Құлап түсті жеті ешкі.
* * *
Ұлықбектің ұлы
Айта алмайды «Ұ»-ны,
Айта алмайды «Ү»-ні,
Айта алмайды «Ы»-ны.
Үйретем қалай мұны?!
* * *
Жесін биыл жазда
Біздің екі қазға
Бір қап тары аз ба?
Онда бос қап табайық,
Екі қабын алайық.
* * *
Ала сиыр, ала қарға
Жүр ғой, әне, ала қарда.
Қарқылдайды қара қарға
Жалпылдайды ала қарға.
* * *
Жең, жең емей, балақ па?!
Жылқылардың бәрі ат па?!
Ата-бабалардың
Барлығының тамы ақ па?
* * *
Бұзау, қозы, тай, лақ та,
Құлындар да, тайлақ та
Жүрген жаңа сай жақта.
* * *
Секіріп,
Жүгіріп,
Қарғып,
Ойнадық мақтаны қар ғып.
Қостанай қаласы.
Суретін салған Наталья Ященко

284 рет
көрсетілді1
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *
Гульжанат
13 Қаңтар, 2023Калай жазылуға болады