- Жұмбақтар
- 20 Қараша, 2022
ЖҰМБАҚТАР

Жалтыраған бөркі бар,
Жарқыраған көркі бар.
(Электр шамы)
* * *
Қиналмай тауларды, орманды,
Теңізді, дария, жондарды,
Ауылды, қаланы, халықты...,
Ойлап тап, көтерген алыпты.
(Жер)
* * *
Киім деуге жатпайды,
Киімді кірден сақтайды.
(Алжапқыш)
* * *
Тұмсығында – түйме,
Арқасында күйме.
Күйме толы ине.
(Кірпі)
Суретін салған Наталья Ященко

227 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *