• БАЛДЫРҒАН
  • 01 Қазан, 2022

Ұстаздарға мың алғыс!

Қазанның 2-і – Ұстаздар күні мерекесі

Көмек Ыбрайұлы

Алтын ұя мектебімнен,
Өнер, білім аламын.
4 пен 5-ке оқимын мен,
Өте жақсы сабағым.

Жасап таңғы жаттығуды,
Тұрамын да күн шықпай,
Ұстазымның тапсырмасын
Орындаймын бұлжытпай.

Көп тер төгіп, аямаған,
Сарқа жұмсар бар күшін.
Ардақты жан ұстаздарым,
Сіздерге мол алғысым!

Сәуле құйып жүрегіме,
Аламын нәр жаныма.
Ұстаздарым, бересіңдер,
Жол ашып арманыма.

Мектебімді мақтан тұтып,
Түлеп ұшар мың дарын.
Күнде көргім кеп тұрады
Ұстазымның дидарын.

Суретін салған Ерлан Момбаев

230 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы