• Балаларға базарлық
  • 01 Қазан, 2022

Білгенің жөн мұны сен!

Қодық

Ұқсас түрі бұлардың,
Жетер көзің көріп кеп.
Құлыны есек, құланның,
Аталады «қодық» деп.

Құртқа

Маңайлап, төл, жылқыны,
Құрып тұрар құлқыны.
Ұрғашысын қасқырдың
«Құртқа» дейміз, біл мұны.

Баршын

Кетпес бірден үркіп тым,
Жас ет болса асат бар.
Атын кәрі бүркіттің
«Баршын» дейді қазақтар.

Шағал

Елемей қар, саз, құмды,
Аңға ол шығар батпай күн.
Осы қорқау қасқырды
«Шағал» дейді қайтпайтын.

Еңлік

Жатпайды оның құлағы,
Қозғалса шөп жел бүктеп.
Бұл – еліктің лағы,
Аталады «еңлік» деп.

Таутан

Бейне иесі қамыстың,
Түсер жерге таудан кеп.
Ұрғашысын барыстың
Атайды жұрт «таутан» деп.

Суретін салған Ерлан Момбаев

313 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы