- Жұмбақтар
- 29 Қыркүйек, 2022
ЖҰМБАҚТАР

* * *
Ашуы – бір атар,
Жеп көрсең – жылатар.
Кез-келген аурудың
Емі ол жұбатар.
Қайда ол жүрмейді,
Кім оны білмейді?..
Онсыз еш тамақтың
Дәм-тұзы кірмейді.
(Пияз)
* * *
Шаймен ішсе – дәрумен,
Артық кейде дәріңнен.
Тосап жасап алар ем,
Теру қиын бәрінен.
Сөздің айтсам кесімін,
Таба аларсың шешімін.
Бұл жемістің атымен
Қыздың қойған есімін.
(Қарақат)
* * *
Қарықта жатыр дөңгелеп,
Кішкентай ғана дөңгелек.
Сарғайып әбден піскенде
Иісі де бөлек, дәм бөлек.
Қауын да емес, қарбыз да,
Маған тәтті, сол керек.
(Әңгелек)
* * *
Күн нұрында қабағы,
Жерден нәрін табады.
Өнімдерін жасырып,
Тамырына салады.
Піскен шақта сабағы,
Жерден қазып алады.
Адамзаттың қазір ол
Нан секілді тамағы.
(Картоп)
Суретін салған Ерлан Момбаев

273 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *