• БАЛДЫРҒАН
  • 30 Қыркүйек, 2022

МАҚАЛ – СӨЗДІҢ МӘЙЕГІ

Тілеуғазы БЕЙСЕМБЕК

Әсемдік гүлге тең,

Шешендік тілге тең.

 

* * *

Құстың бәрі бұлбұл емес,

Аттың бәрі дүлдүл емес.

 

* * *

Ақылды данадан сұра,

Шындықты баладан сұра.

 

* * *

Ез көбейсе, жау басар,

Ер көбейсе, жау қашар.

 

* * *

Кәрі тұяқ мал болмас,

Кәрі жанда хал болмас.

 * * *

Адамнан  адам кем емес,

Ақылмен  ақыл тең емес.

 

 * * *

Адамның адамшылығы ,

Барында емес, арында.

 

 * * *

Жерді бөлген дауласар,

Елді бөлген жауласар.

 

 * * *

Алтынның түсі ысталмас,

Жақсының ісі тыс қалмас.

 

                   * * *

Ақ шашқа түсер,

Қайғы басқа түсер.

 

 * * *

Жақсы сөзден көңілің көл болар,

Жаман сөзден көңілің шөл болар.

Суретін салған Ерлан Момбаев

337 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы