• Балаларға базарлық
  • 29 Қыркүйек, 2022

«ҰРЫСПАЙТЫН АНА ТАППАЙСЫҢ!»

Мира ИБРАЕМОВА

Құмда ойнап отырған бестегі Айдана мен төрттегі Кәусардың жандарына ақырындап жақындап бардым. Олар мені байқар емес. Қолдары құмда, ауыздары қызу әңгімеде.

– Осы балалар жылай береді, ә? – дейді Кәусар анадай жерде жылап тұрған інісін меңзеп.

– Иә, өмірде жыламайтын бала таппайсың! – деп басын изейді Айдана.

– Иә, өмірде ұрыспайтын мама да таппайсың, – деп Кәусар да «іштегі сырын ақтарды».

Мен шыдамай күліп жібердім. Екеуі мені күтпесе керек, жалт қарады да, ұялғаннан олар да күліп жіберді.

Шынымен «осы кейде балаларға көп ұрсып қоямыз ба екен?» деп ойланып қалдым. Олар да өмірде қандай жағдайлардың жиі болатыны туралы ойлай алады екен ғой.

КЕШІРІМ СҰРАУ

 

Төрт жасар Кәусарды әкесі бір тәртіпсіздігі үшін ұрсып қойып еді, ол жылай бастады.

Әкесі қайтадан еркелетіп жұбатпақ болып жатыр.

– Кәусар, болды жыламашы. Менен кешірім сұрай салшы, – деп тілін қызықтап, сөйлетпек болды. Кәусар бұртиып:

– Жоқ, кешірім сұрамаймын! Жылап жатқан сен емес, мен ғой! – деп жылауын үдете түсті.

«Алдағанға бала жақсы» болғанымен, олар да кімнің «кешірім сұрау» керек екенін жақсы біледі.

Алматы облысы,

Еңбекшіқазақ ауданы,

Қаражота ауылы.

Суретін салған Ерлан Момбаев

 

230 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы