- Балаларға базарлық
- 31 Шілде, 2022
Ұя сынды біздің үй

Шәмшия ЖҰБАТОВА
Ұядай үй күнге толды,
Ұядай үй гүлге толды.
Дәурені шат балалық пен
Шуылдаған үнге толды.
Ұядай үй таңға толды,
Ең бақытты жанға толды.
Жапырақтар қаулап өсіп,
Шуақ сәуле маңға толды.
Өбектейді анашымыз,
Анашымыз – панашымыз.
Бір-бірімен тату болған
Біз бір үйдің баласымыз.
Киім таза, үй де таза,
Домбырада күй де таза.
Дәптер таза, кітап таза,
Шәймен жеген жиде таза.
Армандаймыз қия-шыңды,
Жан сарайы жиі ашылды.
Балапандар жетілетін
Бұл біздің үй ұя сынды.
Суретін салған Наталья Ященко

349 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *