- Жұмбақтар
- 31 Шілде, 2022
Құстар туралы жұмбақтар

Әли ЫСҚАБАЙ
Қанатында саусағы,
Қараңғы түн аусары.
Жабысатын жар тасқа
Бұл қандай нар қасқа? (Жарқанат)
Жұдырықтай шұбар құс,
Мекені – қыр, жұпар түз.
Дыбыс шықса, тыпырлап,
Ұшатын не бытырап? (Шіл)
Қарап тұрсаң түріне,
Буып қойған дорбадай.
Сүңгіп мұхит түбіне,
Мұзда жүрер жорғалай.
Тап, мақұлық бұл қандай? (Пингвин)
Қулығын асыратын,
Жұмыртқасын өзі баспай,
Басқа ұяға жасыратын,
Өзін-өзі шақыратын,
Оңайға бас ұратын, қай құс? (Көкек)
Жем көрсе,
Шықылықтап қалбаңдайды.
Ол қай құс,
Ешқашан да алданбайды? (Сауысқан)
Тұмсығымен соққылап,
Зиянкесті іздейді.
Ағаш діңін бақылап,
Тұмсығымен емдейді,
Сосын көңіл демдейді. (Тоқылдақ)
Талдықорған қаласы.
Суретін салған Наталья Ященко

361 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *